Жаңалықтар

1 қыркүйекте Көкшетауда жаңа мектеп ашылады – AMANAT

ашық дереккөзі

1 қыркүйекте Көкшетауда жаңа мектеп ашылады – AMANAT

Көкшетау қаласындағы «Құлагер» шағынауданында 310 орынға арналған жаңа мектеп салынды. Білім ордасы 1 қыркүйектен бастап, балаларға есігін айқара ашуға дайын. Нысан «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғызылды. Қазір мұнда оқушыларды қабылдауға қарқынды дайындық жүріп жатыр. Ата-аналардан өтініш қабылданып, әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұрын аталған шағынауданда мектеп мүлдем болмаған. Жергілікті тұрғын, көпбалалы ана Арнагүл Шақшанованың айтуынша, осы уақытқа дейін ата-аналар мектепті үйден алыс, қаланың өзге аймағынан, көршілес Красный Яр ауылын іздеуге мәжбүр болған. «Менің төрт балам бар. Күнделікті мектепке дейінгі жолға 30-40 минут уақыт кетеді. Балаларым көбінесе бірінші сабаққа үлгермей қалады. Автобус тоқтамай кететін кездер де жиі болып тұрады, себебі оның іші лық толы болады. Оған да уақыт кетеді. Ал қыста жағдайымыз тіптен қиын. Енді міне, партияның арқасында балаларым үйдің жанындағы жаңа мектепке баратын болды», - деді ол. Қазір мектеп ғимаратына жаңа жиһаздар әкелініп, абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, мектеп жанынан 80 орындық шағын балабақша ашылады.