БҚО әкімінің орынбасары жасаған қылмысын мойындады
БҚО әкімінің орынбасары жасаған қылмысын мойындады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Агенттіктің мәлімдеуінше, әкімнің орынбасары «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беріп, лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деп күдікке ілінген.
«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.