Жаңалықтар

Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

7 тамыз күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 720-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысады. Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған автобус апатқа дейін Жетісай қаласынан Астана қаласына жолаушы тасымалдаған.