Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды

7 тамыз, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz. Еске салсақ, 3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады. Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болған. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы ішкі істер органдарынан босатылғаны хабарланды. Қазір ол УҰИ-ға қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Айта кетейік, тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.