Жаңалықтар

Алматы облысында танысы медбикені атып кетті

ашық дереккөзі

Алматы облысында танысы медбикені атып кетті

Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен. Кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған. «Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан. Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.