ШҚО-да сайлаушыларға берілген уәде орындалды
ШҚО-да сайлаушыларға берілген уәде орындалды
Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылының тұрғындары сайлау науқаны кезінде «AMANAT» партиясының атынан болған үміткерлерге мәдени ғимараттың қасбетін күрделі жөндеуден өткізу туралы өтініш айтқан болатын.
Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылының тұрғындары ауылдағы мәдени ошақ клуб ғимаратының қасбетін күрделі жөндеуден өткізгені үшін үлкен ризашылықтарын білдірді. Осы мәселе бойынша сайлау науқаны кезінде ауылдықтар «AMANAT» партиясының атынан үміткерлерге өз өтініштерін жеткізген болатын.
«Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылы клубы ғимаратының қасбетін жөндеуге «СтройДомСервис» ЖШС-мен шарт жасалды. Ғимараттың төбесі, қасбеті, кіреберісі жөнделді. Пандус, терезелер, өрт баспалдақтары орнатылды. Бірінші және екінші қабаттың есіктері ауыстырылды. Жертөлеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Біз бұл жұмыстардың жүргізілуін толықтай бақылауда ұстадық», - дейді Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаты Мұрат Желдібаев.
Айта кету керек, аталмыш нысан - шағын ауылдағы тұрғындардың түрлі деңгейде мәдени іс-шара өткізетін, балаларын түрлі үйірмелерге беретін мәдени ошақ.