Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі

Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар еркін күрестен екі қола медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz. Әлем чемпионатында Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен Самир Дурсунов (92 келі) үздік үштіктен көрінді. Қола жүлде үшін болған белдесуде екеуі де үнді балуандарынан басым түсті. Айта кетейік, бұдан бұрын еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі. Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.