Жаңалықтар

Қазақ боксшы Өзбекстанда жеңіске жетті

ашық дереккөзі

Қазақ боксшы Өзбекстанда жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) Ташкентте (Өзбекстан) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz. Сойлыбаев украиналық Александр Егоровпен (20-7-1, 10 КО) жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және он раундқа есептелген, деп жазды Sports.kz. Қазақстандық Бекман Сойлыбаев қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Александр Егоров сегізінші рет жеңіліске ұшырады. Украиналық үшін бұл қатарынан жетінші жеңіліс болып отыр. Сойлыбаевқа келер болсақ, ол бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол WBA Inter-Continental чемпионы екенін де айта кеткен жөн.