Жаңалықтар

«Мектеп бітірген күні алып кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашуға қатысты ойын айтты

ашық дереккөзі

«Мектеп бітірген күні алып кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашуға қатысты ойын айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. Жақында елімізде қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілетіні белгілі болды. Осы мәселеге қатысты Қылмыстық кодекске бөлек бап енгізілуі мүмкін. Тележүргізуші осыған орай басынан өткен жайтты баяндап берді. «Бір қызық оқиға есіме түсіп тұр. Кезінде қызы мен анасы келіскен ғой, «егер сені еркіңнен тыс алып қашса, сенен өз еркіммен келдім деген қолхат алатын болса, 3 леп белгісін қой, ал егер шын сүйіп қосылсаң, 1 леп белгісін қой» деген екен. Сөйтіп, әлгі қызды аяқастынан танымайтын жігіт алып қашып, қолхат алып, оны қуғыншыларға берсе, ана хаттың соңында 3 леп белгісі тұр екен. Оны көрген анасы қызын алып қайтыпты. Өмірде болған жағдай». Бүгін алып қашудың жазасы күшейтілетінін оқып, есіме өз әкем түсіп отыр. 16-ға тола салып, жалғыз қызын алып қашып кетер деп уайымдап, мектеп бітірген күні Алматыға оқуға алып кетті. Сол кезде көрші-қолаңның қыздары бірінен соң бірі күйеуге (өз еркімен, еркінен тыс) тиіп жатты. Әкем сонда, бастысы, өмірдегі орнын дұрыс тапсын деген уайымдаған ғой. Алып қашу, қинап қалдыру, әженің табалдырыққа жатуы, бауырсақ шашуы сияқты трюктар жасайтын сонда. Қалыпты жағдай деп те ойладық қой соны біз. Ол кезде үндемеді емес, арызданушылар да болды. Оның өзін тек жүрек жұтқандар, ұятты ысырып қойғандар ғана жасады. Қазір ешкім мұндай трюктерді жасамас. Ұлдар да, қыздар да ақылды деп ойлаймын», - деді ол.