Жаңалықтар

Ақша сұраған: Алматы облысында оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақша сұраған: Алматы облысында оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды (ВИДЕО)

Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылында мектеп оқушылары арасында болған төбелестің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан оқушылардың бір-біріне балағат сөздер айтып жатқанын байқауға болады. kris_p_issyk парақшасы жариялаған видеода жанжалға үлкен балалардың ақша сұрағаны себеп болғаны және бір баланың көз жұмғаны айтылады. «Төбелес кезінде 17 жастағы бір жасөспірім қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша, төртеуі түрлі жарақат алып, ауыр халде жатыр», - деп жазылған. Ал оқырмандар бұл бірінші жағдай емес екенін жазып, пікір қалдырған.