Жаңалықтар

Дүниежүзілік Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті

ашық дереккөзі

Дүниежүзілік Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті

Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада ойындарында ел қоржынына екінші алтын  жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz. Спорттық гимнастикадан белтемір жаттығуында сынға түскен Милад Карими 14.800 ұпай жинап, алтын жүлдеге қол жеткізді. Мұнымен қоса, Милад Карими қол тіреп секіру жарысында қола жүлдегер, еркін жаттығу бәсекесінде жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын, жеті күміс және жеті қола жүлде бар.