Жаңалықтар

258 миллион: «Барыс» легионерінің жалақысы белгілі болды

ашық дереккөзі

258 миллион: «Барыс» легионерінің жалақысы белгілі болды

«Барыстың» шабуылшысы Райли Барбер келесі маусымда қазақстандық клубтан 258 миллион теңге табыс табады, деп хабарлады turkystan.kz  «Спорт-Экспресс» порталына сілтеме жасап. Өткен маусымда Райли Барбер Далластың ферма клубында, АХЛ -де ойнады. Онда 69 кездесуде 64 (32 + 32) ұпай жинады. Барлығы 16 НХЛ барлығы 16 ойын және АХЛ-да 430-дан астам матч өткізді. Райли Барбер АҚШ-тың жасөспірімдер мен жастар құрамасының мүшесі болды. Өткен жылы «Барыс» ойыншысы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Оның астаналық клубқа өткені 3 тамызда белгілі болды. Келісім 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды. Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» ХК-ға сегіз миллиард теңге бөлінген болатын. Осы мәселе туралы спорт журналисі Аслан Қаженов пікір білдірді. Оның айтуынша, қазақстандық клуб легионерлердің жалақысы туралы мәлімет жарияламайды. «Барыс» хоккей клубы кезекті келімсекпен толықты. Бұл жолы командаға америкалық Райли Барбер қосылды және ол 258 млн тг жалақы алады. Бұны, әрине, қазақстандық клуб өзі ешқашан жарияламайды. Құпия. Тек, әдеттегідей, ресейлік сайттардан біліп отырмыз. Ана жолы кәсіпқой ересектер клубын ұстау үшін 70-100 млн тг жеткілікті екенін айттым. Оны НХЛ-да ойнаған тұңғыш қазақ қызы Бұлбұл Қартанбаева дәлелдеп берді. Сонда бір ғана Райли Барбер 3 бірдей толыққанды команданың ақшасын алғалы отыр. Дәл осындай қазір «Барыста» 8 легионер бар. Ары қарай санай беріңіз...», - деп жазды Аслан Қаженов.