Жаңалықтар

Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты жаңа бап енгізілуі мүмкін

ашық дереккөзі

Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты жаңа бап енгізілуі мүмкін

Елімізде қыз алып қашқандарға жаза күшейтіледі. Омбудсменнің ұсынысымен осы мәселеге қатысты Қылмыстық кодекске бөлек бап енгізілуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы мәселені көтеріп, оны Бас прокуратура қолдаған. Артур Ластаев мәжбүрлі түрде, еркінен тыс тұрмысқа шыққандардың құқығын қорғау үшін жазаны күшейтуді қолға алғандарын айтады. Қазір бізде қыз алып қашуға қатысты нақты қылмыстық бап жоқ. Тек адам ұрлау бабы бар. Оның ішінде қаншасы қыз алып қашуға қатысты екені белгісіз. «Үш жылға жуық уақыттың ішінде қыздарды алып қашуға қатысты 214 қылмыстық іс тіркелген. Бірақ тоқсан пайызы екі тараптың келісімімен тоқтап, жабылып қалған. Біз Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген жаңа бап енгізуді ұсынып отырмыз. Біздің мақсат – адам құқығын қорғау. Оларды зорлық-зомбылықтан сақтау», - дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.