Жаңалықтар

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам көз жұмды

ашық дереккөзі

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған. «Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында  Nissan Teana  маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», – деп жазылған хабарламада. Жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екені белгісіз. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның  мән-жайын анықтап жатыр.