Жаңалықтар

«Кредитім бар»: 88 жастағы ана жүк көлігін жүргізіп жүр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Кредитім бар»: 88 жастағы ана жүк көлігін жүргізіп жүр (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде 88 жасында жүк көлігін жүргізіп жүрген ана туралы мәлімет пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. «1936 жылғымын. Құдай қаласа, амандық болса, келесі жылы 89-ға келемін. Құдайға шүкір, ескі көлігімді 5 500 млн теңгеге сатып,  осы жаңа машинамды 7 500 млн теңгеге алғанмын. Қазір үш кредитім бар. Осы көлікті ақша қосып алдым ғой. Машинаның прицепін де несиеге алғанмын. Ресейге барып, ағаш әкеліп жүрміз. Жолдағы полицейлерге мың да бір рақмет! Органда жүрген балалар мені «апа» деп сыйлайды. Мені сыйлаған адамды Құдай бақытты етсін! «КамАЗ» көлігімен жолға шыққанда қасымдағы жүргізушілердің қалғып кетпеуін де қадағалап отырамын», – деді көлік жүргізуші қарт ана. Бейнежазбаның қайда түсірілгені белгісіз.