Жаңалықтар

Ақкенттегі өрттен балаларды құтқарған түрік азаматы марапатталды

ашық дереккөзі

Ақкенттегі өрттен балаларды құтқарған түрік азаматы марапатталды

Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттен балаларды құтқарған Түркия азаматы Шүкрү Гүнай Алматыдағы Түркияның Бас консулдығында марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz. «Алматыдағы өрт кезінде әріптестерімен бірге отбасыларға көмектесіп, анасы мен үш баласын аман алып қалған азаматымыз Шүкрү Гүнайға және басқа да азаматтарға гуманитарлық құндылықтары мен түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз», - деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды Түркия азаматы Шүкрү Гюнай қалай құтқарғанын жазған едік. Ол балаларды бір-бірден арқанмен түсіргенін айтып берген болатын.