Асу Алмабаевтың UFC-дегі дебютті жекпе-жегін қайдан көруге болады

4 тамыз, 2023 / Әбіл Мансұр
ашық дереккөзі
Асу Алмабаевтың UFC-дегі дебютті жекпе-жегін қайдан көруге болады Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (17-2) UFC-дегі дебютін қайдан көрсететіні белгілі болды, деп хабарлады  turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.  5 тамызда қазақстандық файтер UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін ямайкалық спортшы Оде Осборнға қарсы өткізеді. Жекпе-жек UFC Fight Pass онлайн-стримингінде ақылы форматта қолжетімді болады. Еске салайық, ММА-дегі 19 кәсіпқой жекпе-жектің 17-сінде қазақстандық файтер жеңіске жетіп, 2-еуінде ғана жеңілген. Ал қарсыластың жалпы рекорды 12-5, UFC-де 4-3.