Жаңалықтар

Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтар жаңартылуда

ашық дереккөзі

Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтар жаңартылуда

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан №5 жылу энергия орталығына барды. Ол қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтың жұмысымен танысты. 92% тозығы жеткен сервис орталығында бүгінде 4 қазандық жөнделіп, тағы 4 қазандықтың қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. 80 жылдық тарихы бар жылу беру мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. бірегей орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарды, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларды қайта жаңғырту жұмысы жоспарланған. Оның сметалық құны – 13,7 млрд теңге.