Жаңалықтар

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың дерек шықты

ашық дереккөзі

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың дерек шықты

Түркістан облысында жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар. «Егер сізде жоғалған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондарына хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді полициядан.