Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды
Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды
Солтүстік Қазақстан облысы Новоивановка ауылындағы мал шаруашылығы кешенінде 4 жұмысшы қаза тапты. Ең кішісі небәрі 23 жаста болған. Туыстары мен әріптестері қайғылы оқиғаның мән-жайымен бөлісті. Олардың пікірінше, кәсіпорында қауіпсіздік шаралары бұзылған, деп хабарлады turkystan.kz Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.
Жұмысшылардың мәйіті 1 тамыз күні тасып жатқан құдық түбінен табылды. Олардың арасында 32 жастағы Роман Ахметжанов та болды. Марқұм таңертең жұмысқа шығып, түскі уақытта хабарсыз кеткен.
Марқұмның әкесі байланыссыз кеткенін бірінші әйелі айтқан дейді. Романның ата-анасы кешкі сағат 21:00 шамасында ұлын іздеп кешенге келгенде, ішке кіргізбеген. Кәсіпорында қайғылы жағдай болғаны туралы полицейлер келгенде ғана белгілі болды.
«Ол жердегі құбырларды жөндеу керек. Жүйе өшірілген. Ұңғымалар ешнәрсемен қабаттасып жатқан жоқ... Біз келгенде ешкім ештеңе айтқан жоқ, ешкім ештеңе білмеді. Кешенде тоғыз метр құдық бар. Оның ішінде үш метр баспалдақ жасалған. Меніңше, кәріз суы ішке қарай құйылған, ал Роман сол кезде құдықтың ішінде болған. Олар аммиактан тұншығып қалған болуы мүмкін», - деді марқұмның әкесі.
Аталмыш кәсіпорынның қызметкері Владимир Клейннің айтуынша, түнгі сағат 00:00 шамасында оны жұмысқа шақырып, қайғылы оқиғаны сол жерде білген. Владимир әріптестерінің өліміне не себеп болғанын айту қиын екенін жеткізді. Бірақ олар ақауы болған сорғыны бір ай бұрын жаңасына ауыстырған.
Қайтыс болған қызметкерлердің құдыққа неліктен құлағанын тергеу анықтайтын болады. Бірақ Владимир шошқа фермасында қарапайым қауіпсіздік шаралары сақталмағанын айтты.
«Кеше оларды шығарып алатын арқан да таппадық. Біз құдықтың ішіне үнемі түсеміз, бірақ ешқандай сақтық шаралары жасалмаған. Олар құдық ішін тазалау үшін түскен болуы мүмкін. Құдықтың тереңдігі – 8 метр. Оның ішін тазалау негізі біздің міндетіміз емес. Кейде ол жер бітеліп қалады. Мүмкін олар сол ұңғыманы тазаламақ болды», - деді ол.
Оның айтуынша, мәйіттерді шығарған кезде қаза тапқан төрт жұмысшының екеуінде ғана құрал-жабдық болған.
Қаза тапқандар 1966, 1991, 1995 және 2000 жылғы болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, жұмысшылар тазарту қондырғыларын күтіп ұстау кезінде будан зардап шеккен. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі «Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы» бойынша тіркелді.
Жедел кеңесте облыс әкімі Айдарбек Сапаров «EMS AGRO» ЖШС-нің шаруашылығында қаза тапқандарды жерлеуге жұмсалатын барлық шығындарды аудан әкімдігі мен кәсіпорын өз мойнына алатынын айтты және барлық несиелерін жабуға уәде берді.