Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық қайтыс болды
Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық қайтыс болды
Түркияда жол-көлік апатына түскен тағы бір Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР СІМ түрік дәрігерлерінің ақпаратына сүйеніп, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында көз жұмғанын айтты.
«Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Айта кетейік бұған дейін зардап шеккен қазақстандық туристердің бірі 31 шілде күні ауруханада көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оның денесі Қазақстанға жеткізілді.
Еске салсақ, 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған.