«Жастарға жұмыс»: 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген
«Жастарға жұмыс»: 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде ірі жұмыс беруші компаниялардың қатысуымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде, деп хабарлады turkystan.kz.
Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек биыл 300 мың жұмыссыз жасты жұмыспен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ететін орталықтар құрылатынын айтқан болатын. Осылайша, партия жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін жүйелі түрде шешеді. Жалпы, сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген.
«Жұмыс орындарына негізінен жас мамандар керек. Себебі, қазіргі жастардың ойлауы, өмірге, қоғамға деген көзқарасы жаңаша. Біздің тараптан қойылатын негізгі талап – жұмысқа деген ынтасы болуы керек. Ал қалғанын өзіміз үйретіп, оның кәсіби маман болып қалыптасуына көмектесеміз. Кез келген адам маман болып тумайды, уақыт өте келе жетіліп, өз ісінің шеберіне айналады», - деді жұмыс беруші «Бадам» ЖШС тігін фабрикасының директоры Гүлзада Нұржанова.
Базар орталығында өткен жәрмеңкеге 40-тан аса жас қатысып, 5 жас Еңбек мобильді орталығына тұрғылықты мекенжайы бойынша жолдама алды.