«Қазақтың королі»: шетелдік промоушен Сұлтан Заурбектің нокаутының видеосын жариялады
Wasserman Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық жеңілмеген боксшы Сұлтан Заурбек (15-0, 11 КО) пен испандық Джон Картер (15-1-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің шешуші эпизодының видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Sports-ке сілтеме жасап.
21 шілдеде Заурбек Эдинбургте (Шотландия) өткен бокс кеші аясында өнер көрсетіп, Картерді үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Wasserman Boxing Instagram желісінде жекпе-жек аяқталған видеоны жариялап, оған «Қазақ королі» Сұлтан Заурбектің нокауты, басқа қырынан» деп жазды.
Еске салайық, Сұлтан Заурбек жеңіл салмақтағы WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын да иеленген.