Сенаторлар нанның сапасы мен бағасы үшін алаңдап отыр

Сенаторлар нанның сапасы мен бағасы үшін алаңдап отыр

Сенаторлар нанның сапасы мен бағасы үшін алаңдап отыр
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы вице-министрімен кездесу барысында Сенат депутаттары  нанның бағасы мен сапасына алаңдаулы екендіктерін жеткізді, – деп хабарлайды Астана арнасы. Депутаттардың айтуынша, халық дәмсіз әрі құрамында улы заттары бар нанды жеуге мәжбүр. «Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қолданылған нан ашытқыларының құрамында улы заттар бар екен. Соның бірі фармалин мәйіттердің бұзылып кетпеуі үшін қолданылады. Оларды нанға мүлде қосуға болмайды. Осы ашытқыны ойлап тапқан адамның өзі нан пісіргенде қолдануға болмайды деген», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ляззат Қиынов. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат Айтуғанов та нанның сапасыз әрі қымбат екенін жасырған жоқ. Сенаторлардың сұрауы бойынша  министрлік жақын арада нан бағасы мен сапасын анықтамақ.  Сенат депутаттары ауыл шаруашылық өнімдерінің қымбаттығына тоқталып, заңдық тұрғыдан бағаларды реттеу керектігін қадап айтты. Ал вице-министр Қайрат Айтуғановтың айтуынша, баға алыпсатарлардың кесірінен өсіп отыр. Жақын арада бағаны ұстап тұратын тәсілдер  ойластырылмақ. Мұнан бөлек, елде аусыл мен сібір жарасының қаупі әлі  жойылмаған. Бұл дерттерге қарсы сатып алынған вакциналар жарамсыз болып шықты. «Біз тексердік бәрін. Сатып алынған вакциналарды Украинаға, Эфиопияға жібердік. Ол жақта вакциналардың түкке жарамсыз екені белгілі болды. Қазір бәрін құқық қорғау органдарына бердік. Бұл бір. Екінші мәселе – мал дәрігерлері малдарды қарапайым ғана дәрілемеген. Неге екені белгісіз», – деді  ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.