Жаңалықтар

«AMANAT»-тың араласуымен білім ошағы тұрғызылып жатыр

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың араласуымен білім ошағы тұрғызылып жатыр

Бұдан біраз уақыт бұрын «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына Тілек Нұртілеуов есімді азамат келіп, Бекі ауылындағы мектеп тапшылығы мәселесін көтерген еді.  Аталған мәселе партияның араласуымен оң шешім тауып,  NCOC компаниясының қаржыландыруымен мамырда мектеп құрылысы басталды. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Айта кетейік, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2023-2027 жылдар аралығында үш ауысымды және оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 22,9 мың орындық 24 жаңа мектеп құрылысына қолдау көрсетіледі.