Жаңалықтар

«Барселонадан қымбат»: белгілі спортшы елдегі азық-түлік бағасын сынға алды

ашық дереккөзі

«Барселонадан қымбат»: белгілі спортшы елдегі азық-түлік бағасын сынға алды

Испанияда тұратын қазақстандық спортшы, джиу-джитсудан спорт шебері Гүлжан Нақыпова Қазақстандағы азық-түлік бағасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстанға келген сайын баға шарықтап жатыр. Қазір оның деңгейі Барселонадағы жағдаймен теңесті. Тіпті, кейбір тауар құны асып түседі. Барселонаға қарағанда өнімдер қымбатырақ  және сапасы нашар. Мәселен, кеше сүзбе сатып алдым, мерзімі өтіп кеткен. Тауық еті үш ай мұздатылған. Елдегі үлкен супермаркетте өнімнің 20 пайызы ғана отандық екен, ал қалғаны импорт. Испанияда тіпті көршілес Италия мен Франция елдерінің өнімдері нарыққа жіберілмейді» деп жазды Накипова әлеуметтік желідегі парақшасында.