Жазғы универсиадада тағы екі қазақстандық жүлдегер атанды

Жазғы универсиадада тағы екі қазақстандық жүлдегер атанды

Жазғы универсиадада тағы екі қазақстандық жүлдегер атанды
ашық дереккөзі

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz. Екі қола жүлдеге Бексұлтан Қоскенов пен Әйгерім Төреханова ие болды. 2 тамызда Қоскенов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қытайлық Ма Йигадан (0:2) жеңіліп, қола алды. Сол салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төреханова да жартылай финалда түркиялық Берне Тутқа жеңіліп қалды. Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола бар. Айта кетейік, жазғы универсиада 28 шілде - 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.