Жаңалықтар

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

ашық дереккөзі

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында ұйымдастырылған Астанада есірткі жарнамасы бар граффити жазбаларын анықтау және жою жөніндегі акция барысында хабарлады. «Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні баршамызға белгілі. Ғасыр дертімен күресуде «Жастар Рухы» Жастар қанатының тарапынан жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтерде барлық 20 өңірде 1000-нан аса еріктілердің қатысуымен 4000-нан астам граффити анықталып, жойылды. Дәл осындай акция бүгін Астана қаласында өз жалғасын тапты. Астана жастарының көмегімен тыйым салынған сайттар белгіленген жазуларды бояу жұмыстарын жүргіздік», - деді Жастар қанатының төрағасы. Василий Тахтай есірткі-граффитилерін жою және бояу жұмыстары есірткіні тарату қылмыстарына қарсы тұруда маңызды рөл атқарады дейді: «Есірткіні насихаттайтын жазуларды анықтау және жою оны тұтынуды азайтуда үлкен септігін тигізеді.  Әрбір қатысушының өзара әрекеттесуі мен белсенді жұмысының арқасында ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, осындай акциялар қауіпсіз және сау қоғамдық ортаны құруға көмектеседі».