Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді

2 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді Үкіметтің 27 шілдедегі қаулысына сәйкес, елімізде мереке күндерінің жаңа тізімі бекітілді, деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа тізімде 19 мереке бар: Айта кетейік, 2023 жылғы сәуірде «Мерекелер туралы» заңға түзету енгізіліп, оған сәйкес мереке күндерінің тізбесін белгілеу өкілеттігі Үкіметке жүктелді. Ал кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту функциялары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Сондықтан қабылданған түзетулермен барлық кәсіби мереке бұрын қолданыста болған мерекелер тізімінен алынып тасталды. «Мерекелер туралы» Заңда ұлттық және мемлекеттік мерекелердің тізімі бар. Сонымен, Ұлттық мереке – 25 қазанда тойланатын Республика күні. Мемлекеттік мерекелер: Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер мереке күндері болып танылады және жұмыс күні болып есептелмейді. Өз кезегінде кәсіби және басқа мерекелер мереке күндері болып табылады, ал егер олар жұмыс күніне сәйкес келсе, жұмыс күні болып есептеледі. Қаулы 2 тамызда күшіне енеді.