73 жастағы ұлытаулық саяхатшы әлемді жаяу араламақ

2 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
73 жастағы ұлытаулық саяхатшы әлемді жаяу араламақ Қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Жер шарын жаяу араламақшы, деп хабарлады turkystan.kz. Qazaq Geography ұйымы таратқан мәліметке сенсек, 2 тамызда белгілі қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов дүние жүзі бойынша жаяу саяхатын Атыраудан бастайды. Ақсақал Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия – Болгария – Сербия – Венгрия – Австрия – Германия – Франция – АҚШ – Қытай – Моңғолия – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр. Есеп бойынша, сапар 2 жылға созылады, ол турды 2025 жылдың тамызында аяқтауды көздеп отыр. Ыңғайлы болу үшін маршрут бірнеше кезеңге бөлінген.