Жаңалықтар

«Арқанмен түсірдім»: Түркия азаматы Алматыдағы өрттен балаларды құтқарды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Арқанмен түсірдім»: Түркия азаматы Алматыдағы өрттен балаларды құтқарды (ВИДЕО)

Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. «Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Сондықтан дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорқу туралы ойламадым», - деді ол. Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден өрт шықты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Өрттен 80 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірілгенін мәлімдеді. https://www.youtube.com/watch?v=wtvp_fJZEpQ&t=10s&ab_channel=MNEWS