Жаңалықтар

Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын айтты

ашық дереккөзі

Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын айтты

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Келвин Гастелум қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. «Шұғыл жаңалық! Өкінішке қарай, жарақат алып, Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегім тоқтатылды/кейінге қалды» деп жазды Гастелум әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол жанкүйерлерден, Шавкат Рахмонов пен оның командасынан кешірім сұрады. Рахмонов пен Гастелум 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night турнирінде кездесуі керек еді. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық файтер америкалыққа 21 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) жекпе-жек өткізуді ұсынған болатын.