Жаңалықтар

Уланбаған: Министр Қарағандыда бір топ бала жатқан ауруханаға барды

ашық дереккөзі

Уланбаған: Министр Қарағандыда бір топ бала жатқан ауруханаға барды

Бүгін Қарағандыда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыс әкімімен және министрліктің жетекші мамандар тобымен Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тоғыз тәрбиеленушісі ауыр уланумен түскен облыстық клиникалық аурухананың Инфекциялық орталығына барды, деп хабарлады  turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ажар Ғиният  төрт пациент ауыр жағдайда жатқан қарқынды реанимация бөлімшесінде болды. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында  жатыр. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр Одан әрі ведомство басшысы реанимация бөлімшесінде медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қарағандыда өткен брифингте журналистердің зардап шеккен балалардың жағдайы, пациенттерге медициналық көмек көрсету барысы туралы сұрақтарына жауап берді. Бүгінгі таңда тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаның себебі бойынша ресми ақпарат алынады. Балалардың жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қажетіне қарай консилиумдар, елдің жетекші бейінді клиникаларымен телемедициналық консультациялар өткізілетін болады. Қажет болған жағдайда балаларды республикалық ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.