Алматыда фитнес жаттықтырушыны өлтірген күдікті ұсталды
Алматыда фитнес жаттықтырушыны өлтірген күдікті ұсталды
Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы Бішкекте ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бішкек қаласының аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, яғни, "Адам өлтіру" бойынша іздеу жарияланған 1992 жылы туған А.Б. есімді азамат ұсталды. Алынған ақпарат бойынша, жоғарыда аталған азамат өзінің жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында шекараны заңсыз кесіп өтіп, Бішкек аумағында жасырынған», – деп хабарлады Қазақстанның ІІМ.
Ұсталған қазақстандықтың 28 жастағы фитнес-жаттықтырушысын өлтіруге қатысы бар екені анықталды. Ол шілденің 17-сіне қараған түні Алматыда өз үйінде өлі күйінде табылған еді.
Осыдан кейін Наурызбай аудандық полиция бөлімі 31 жастағы азаматқа іздеу жариялады. Ал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алуды сырттай санкциялады. Белгілі болғандай, ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – деп атап өтті Қырғызстан Ішкі істер министрлігі.
Қазір ұсталған Қазақстан азаматы уақытша тергеу изоляторына қамалды.