Жаңалықтар

Астанада парашютпен секірген ер адам көз жұмды

ашық дереккөзі

Астанада парашютпен секірген ер адам көз жұмды

Астанада парашютпен секірген 58 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 31 шілдеде болған. Алматы ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың реанимация бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Астана - Көкшетау тасжолында орналасқан парашют клубынан алып кеткен, - дейді ведомстводағылар. Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалады.