Жаңалықтар

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қатысты сауалнама жүргізілді

ашық дереккөзі

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қатысты сауалнама жүргізілді

2023 жылдың шілдесінен бастап Еңбек кодексінде төрт күндік жұмыс аптасы деген ұғым пайда болды. Аталмыш өзгерістен соң, бір ай өткенде HeadHunter ұжымы Қазақстанда жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz. Нәтижесінде осы күнге дейін қазақстандық компаниялардың ешқайсысы төрт күндік жұмыс аптасына ауыспаған. Респонденттердің 69 пайызы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды. Ал 3 пайызы ауысуды жоспарлап отыр, бірақ жақын арада емес. Көп компаниялар бірнеше себептерге байланысты ауысуға мүмкіндігі жоқ. Оған үздіксіз өндіріспен айналысатын, тәулік бойы тұтынушыларға техникалық қолдау көрсететін, сондай-ақ қажетті қызметтерді ұсынатын компаниялар жатқызылады.