Жаңалықтар

Қазақстанда қант бағасы қымбаттай ма? – Министр жауап берді

ашық дереккөзі

Қазақстанда қант бағасы қымбаттай ма? – Министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кулуарында қант бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.  «Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Қымбаттаса да қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал», - деді Серік Жұманғарин.