Қызылордалық жігіт сүйгенін қарата алмай, өзін өртеп жіберді
Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.
30 шілдеде ер адам өзін өзі жағып жіберген. Оған себеп - сүйген қызын қарата алмаған.
Бұл оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам ауруханада. Жағдайын ауыр деп бағалады.