Жаңалықтар

Роналду жаңа рекорд орнатты

ашық дереккөзі

Роналду жаңа рекорд орнатты

Португалия құрамасының және саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми ойындарда баспен соғылған гол саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлады turkystan.kz. Футболшы араб чемпиондары клубтары кубогының ресми топтық кезеңіндегі Тунис Монастиріне қарсы ойында (4:1) гол соқты. Сөйтіп, ол ресми матчта баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұдан бұрын үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі болған. Ал үшінші орында испаниялық Карлос Сантильян (125).