Жаңалықтар

Ақмола облысында әкесі 3 қызын зорлады деген күдікке ілінді

ашық дереккөзі

Ақмола облысында әкесі 3 қызын зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Ақмола облысында тұрғын кәмелетке толмаған үш баласының зорланғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын хабарлады. «2012, 2014 және 2016 жылы туған үш балаға медициналық тексеру жүргізіліп, оның барысында дене жарақаттары, тыртықтар, көгерген жерлер, жыныс аймағында жарақаттар анықталған жоқ. Сонымен бірге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деп пікір білдірді Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілдері.