Сұлтан Заурбек Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізіміне енді
Boxrec.com сайтындағы Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингі шілде айында айтарлықтай өзгерген жоқ, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар арасында бұрынғысынша Геннадий Головкин көш бастап тұр. Сондай-ақ үздік бестікте Мейірім Нұрсұлтанов, Сергей Липинец, Жәнібек Әлімханұлы және Бекман Сойлыбаев бар. Таяудағы жеңісінен кейін Сұлтан Заурбек ең үздік отандық спортшылардың ондығына енді – қазір ол тоғызыншы орында. Евгений Павлов рейтингтің оныншы сатысына төмендеді. Ал Батыр Жүкембаев үздік ондықтан шығып қалды.
BoxRec нұсқасы бойынша шілдедегі үздік 10 қазақстандық боксшы:
- Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)
- Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО)
- Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)
- Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО)
- Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО)
- Али Ахмедов (19-1, 14 КО)
- Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО)
- Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО)
- Сұлтан Заурбек (15-0, 11 КО)
- Евгений Павлов (10-0, 8 КО).