Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.