Ақтауда өткен тойға арнайы жасақ шақырылды (ВИДЕО)
Ақтауда өткен тойға арнайы жасақ шақырылды (ВИДЕО)
30 шілде күні Ақтау қаласының маңындағы мейрамханалардың бірінде тойға келген қонақтар мен полицейлердің арасында келіспеушілік туындаған. Көмекке жедел әрекет етуші арнайы жасақтың жауынгерлері шақырылды. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кезекші полицейлерге Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыздың көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.
«Осы факті бойынша 22 жастағы жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылды», - делінген Маңғыстау облысы ПД хабарламасында.
Айта кетейік, ұсақ бұзақылық үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш (69 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл не 5-15 тәулікке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.