Жаңалықтар

Жазғы универсиадада Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты

ашық дереккөзі

Жазғы универсиадада Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада қазақстандық мергендер винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста «қола» алды. Бұл - Қазақстан қоржынына түскен бесінші медаль, деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды. Алғашқы екі орын Үндістан және Қытай спортшыларына бұйырды. Еске сала кетейік, бұған дейін олар 50 метр қашықтықтан үш позицияда мылтық атудан «күмісті» жеңіп алған болатын. Сондай-ақ тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита күміс жүлдегер атанды. Ал дзюдошы Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола медаль жеңіп алған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Универсиаданың бес медалі бар: екі күміс және үш қола.