Қазақстандық велошабандоз Испанияда өткен жарыста топ жарды

31 шілде, 2023 / Әбіл Мансұр
ашық дереккөзі
Қазақстандық велошабандоз Испанияда өткен жарыста топ жарды «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко Испанияда өткен «Круг Гечо» біркүндік веложарысында жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.  Алексей мәре сызығын 4 сағат 19 минутта кесті. Бұл - қазақстандық спортшының мансабындағы бесінші жеңісі. Lidl-Trek шабандозы Тони Галлопен екінші орынға ие болды. «Астананың» тағы бір шабандозы италиялық Симоне Веласко үшінші орынды қанағат тұтты.