Жаңалықтар

Энергетика министрлігі бензин қорының қанша уақытқа жететінін айтты

ашық дереккөзі

Энергетика министрлігі бензин қорының қанша уақытқа жететінін айтты

АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауға тиіс, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанда мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 "премиалды" автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тоннаны (18 күн) құрайды.

"АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауға тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының "пистолетінен" шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, АЖҚС ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

"Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша, Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар", –деп түсіндірді министрлік.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаяды.