Жаңалықтар

Қытайдағы Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті

ашық дереккөзі

Қытайдағы Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті

Сұңғат Жұбатқан Қытайдағы Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz. Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Дзюдодан 66 келі салмақта бақ сынаған Сұңғат Жұбатқан үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.