Бактиер Зайнутдинов жақында «Бешикташ» сапын толықтыруы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов алдағы күндері «Бешикташпен» келісімшартқа қол қою мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазір «Бешикташ» пен ЦСКА арасында Бактиер Зайнутдиновтің трансферіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Түркия клубы ойыншыны бір-екі күннен кейін Ыстамбұлға әкелуді жоспарлап отыр, - деп жазды Түркияның жетекші спорттық басылымы TRT Spor.
Естеріңізге сала кетейік, түрік және Ресей клубтары қазақстандық футболшыға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. ЦСКА Бактиер үшін 7 миллион еуро талап етіп отыр.