Елордадағы университетте талапкерлердің құжат тапсыру әдісі жеңілдетілді
Елордадағы университетте талапкерлердің құжат тапсыру әдісі жеңілдетілді
Maqsut Narikbayev University барылқ өңірдегі талапкерлер үшін қолжетімділік пен ыңғайлылықты арттыру мақсатында виртуалды құжат қабылдау процесін сәтті жүзеге асырды. Енді талапкерлер өз құжаттарын оңай және жылдам ұсынады, сәйкесінше елордаға бару қажеттілігінен құтылып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы оқу шартына қол қоя алады.
Жаңа қабылдау процесінің негізгі артықшылықтарының бірі – CRM жүйесі арқылы әрбір талапкерге жеке кеңесші тағайындалу. Жеке кеңесші талапкердің оқуға түсуіне дейінгі процесстерді толықтай өз назарында ұстайды. Бұл әр кезеңде уақтылы және сапалы қолдауды көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, талапкерлердің жайлылығын қамтамасыз етіп, виртуалды-консультациялар өткізу үшін Whereby платформасы пайдаланылады.
ЖОО-ға құжаттарды электронды түрде тапсыру рәсімін сәтті пайдаланған ақтаулық талапкердің анасы Ақмарал аталмыш тәсілге қатысты пікір білдірді. Ол электронды қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігінің арқасында уақытты да, ақшаны да айтарлықтай үнемдегенін айтты.
«Біз Ақтау қаласында тұратындықтан, барлық қажетті құжатты онлайн тапсыру ыңғайлы болды. Қабылдау комиссиясына жүгінген кезде Нұрай есімді қызды жеке кеңесші етіп таңдадық. Ол бүкіл өтініш беру процесінде бізбен байланыста болып, қабылдау үшін барлық қажетті құжатты жинауға көмектесті», - деді ата-ана.
Электрондық қолтаңбаны пайдалану үшін талапкердің ата-анасы алдымен электрондық құжат айналымының есепке алу жүйесіне тіркелді, кейін өзінің ЭЦҚ дербес кілтін пайдалана отырып, университетпен шарт жасасты. Бұл тәсіл ата-аналарға қонақүйде тұруға және екі жаққа ұшуға кететін ақшаны айтарлықтай үнемдеді.
Осылайша, электронды құжаттарды берудің тиімді жүйесінің арқасында талапкерлердің ата-аналары дәстүрлі құжаттарды тапсыру әдістеріне қосымша шығындар мен уақыт шығындарын айналып өтіп, балаларын оқуға дайындауға назар аудара алады.
Аталмыш процестің ашықтығына да ерекше назар аударылады. Кезек күтуді басқару үшін талапкер өз менеджерін таңдай алатын электрондық онлайн кезек жүйесін қолданады. Бұл барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктер беріп, қолайсыздықтарды азайтады. Сонымен қатар кеңес беру аяқталғаннан кейін әрбір талапкер кеңесшінің жұмысы туралы бағалау мен пікір қалдыра алады. Бұл болашақта көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
«Біз университетемізге түскісі келетін талапкерлердің қабылдау үрдісін барынша қолжетімді және ыңғайлы етуге тырысамыз. Құжаттарды тапсырудың жаңа тәсілдерін енгізу және жеке консультанттармен қамтамасыз ету – талапкерлерге осы маңызды кезеңнен оңай өтуге және университетімізде оқуды сәтті бастауға көмектеседі», - деді Maqsut Narikbayev University қабылдау комиссиясының жетекшісі Арман Серікжанұлы.