Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды (ВИДЕО)
Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды (ВИДЕО)
Ақтөбедегі 8-шағынауданда орналасқан көппәтерлі үйде тұрғындар жағымсыз иісті сезіп, полицияға жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті алып шықты. Қазір олардың неден өлгенін анықтап жатыр. Сараптама жүргізілуде.
«23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», - делінген Ақтөбе облысы полициясының Диапазонға берген хабарламасында.
Анықталғандай, қайтыс болған пәтер иесі мұғалім. Жалғыз тұрған және ауырып жүрген. Ал баласы жағдай сұрап, келіп тұрыпты.
«Өте жаман иіс шыға бастаған соң, шыбын көбейе бастады. Сосын, полиция шақырдық. Олар келіп, бәрін қоршады. Денелерді алып кетті», - деді тұрғындар.
Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.